3-бап. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Заңы
1. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеудi Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар жүзеге асырады.
1-1. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу:
1) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттерге, санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік;
3) темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді.
1-2. Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің міндеттері:
1) экономикалық мүдделерді және халықтың денсаулығын қорғау;
2) Қазақстан Республикасында өндірілетін және оған әкелінетін темекі өнімдерінің сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау;
3) Қазақстан Республикасының темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
2. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу:
1) темекi өнiмдерiн өндiру жөнiндегi қызметтi лицензиялауды;
2) темекi өнiмдерiнiң импортын реттеудi;
3) темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына мониторингтi жүзеге асыру және декларациялау тәртiбiн белгiлеу арқылы бақылау жасауды;
4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.
3. Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439 Заңы.
МАЗМҰНЫ
Осы Заң темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы