⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Темiржол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалын ұйымдастыру негiздерi  Теміржол көлігі туралы Заңы

3-бап. Темiржол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалын ұйымдастыру негiздерi  Теміржол көлігі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Темiржол көлiгiнде жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалын ұйымдастыру негiздерi  Теміржол көлігі туралы Заңы 

      1. Темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және пошта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау уәкілетті орган белгілеген тәртiппен және шарттарда жүзеге асырылады. 

      1-1. Тасымалдау процесіне қатысушылар жасалатын шарттарға, тасымалдау қағидаларына, инфрақұрылымдық қызметтерге қол жеткізу және оларды көрсету қағидаларына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес тасымалдау процесі операцияларын жоспарлайды, ұйымдастырады және орындайды. 

      2. Тасымалдаушы осы Заңда және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделгеннен басқа жағдайларда, ақысын төлеген және жол жүру немесе багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарына арналған тасымалдау құжаттарын дұрыс ресiмдеген қызмет пайдаланушыларға тасымал жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.  

      3. Өзінің жылжымалы құрамы жоқ тасымалдау процесіне қатысушылар шарттың негізінде локомотивтік тартқыш операторының, жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш операторының және вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланады. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 596, 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.12.2019 № 295-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы N 266 Заңы. 

      Осы Заң темiржол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдарын жүзеге асыру кезiндегi тасымалдаушылар, темiржол көлiгi ұйымдары, мемлекеттiк органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы