3-бап. Трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру Трансферттік баға белгілеу туралы Заңы
1. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау (бұдан әрі - бақылау) мынадай:
1) халықаралық іскерлік операциялар бойынша;
2) Қазақстан Республикасының аумағында жасалған, мынадай:
тараптардың бірі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген, өткізілетін пайдалы қазбалар бойынша;
тараптардың бірінде салықтар бойынша жеңілдіктер болатын;
тараптардың бірі мәмілелер жасасатын жылдың алдындағы соңғы екі салықтық кезең ішінде салық декларацияларының деректері бойынша залал шегетін;
тараптарда корпоративтік табыс салығының әртүрлі мөлшерлемесі болатын халықаралық іскерлік операцияларға тікелей өзара байланысты мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.
2. Бақылау уәкілетті органдардың:
1) мәмілелер мониторингін;
2) тексерулер;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де рәсімдерді жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
3. Алып тасталды – ҚР 25.03.2024 № 68-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 4. Алып тасталды – ҚР 25.03.2024 № 68-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.09 № 288-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.03.2024 № 68-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі N 67-IV Заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы