⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 3-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен нысандары САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

3-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен нысандары САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

3-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары мен нысандары САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы 

      1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу экономиканың энергияны қажетсінуін және қоршаған ортаға электр және жылу энергиясын өндіру секторының әсерін азайту және электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үлесін ұлғайту үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады. 

      2. Электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу: 

      1) жаңартылатын энергия көздерi секторын дамытудың нысаналы көрсеткiштерiн ескере отырып, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiлерiн орналастыру жоспарын бекiтудi және iске асыруды; 

      1-1) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды белгілеуді; 

      1-2) нетто-тұтынушыларға қолдау шараларын ұсынуды; 

      2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;       3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);  

      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласында қазақстандық кадрларды даярлау мен оқытуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге жағдайлар жасауды; 

      5) техникалық реттеуді; 

      6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтиды. 

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 89-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV Заңы. 

      Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы