⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi:

      1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған іс-әрекеттiң орын алғаны дәлелденген-дәлелденбегенін;

      2) бұл іс-әрекеттің қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын-табылмайтынын және ол нақ қайсы қылмыстық заңда көзделгенін (бап, бөлiк, тармақ);

      3) сотталушының осы іс-әрекеттi жасағаны дәлелденгенін-дәлелденбегенін;

      4) сотталушының осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда кiнәлi-кінәсіз екендігін;

      5) оның жауаптылығы мен жазасын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-жайлардың бар-жоғын;

      6) сотталушының өзі жасаған қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жазалануға жататынын-жатпайтынын;

      7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiстігін;

      7-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48-бабына сәйкес мүліктің тәркіленуге жататындығы дәлелденгенін-дәлелденбегенін;

      8) жаза тағайындамай үкiм шығару немесе жазадан босату не қылмыстық жазаны өтеудi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 74, 75 және 76-баптарында көзделген жағдайларда кейiнге қалдыруға негiздердің бар-жоғын;

      9) бас бостандығынан айыруға сотталған адам қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің қандай түрi мен режимiнде жазасын өтеуге тиiс екенін;

      10) азаматтық талап қоюдың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын, оның кiмнiң пайдасына және қандай мөлшерде қанағаттандырылатынын;

      11) азаматтық талап қоюды немесе ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету үшiн тыйым салынған мүлiктi не iстеу керектігін;

      12) заттай дәлелдемелерді не iстеу керектігін;

      13) процестік шығындар кiмге, қандай мөлшерде жүктелуге тиiстігін;

      14) соттың сотталушыны құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, мемлекеттiк наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыну енгiзуге) тиiстігін-тиісті еместігін;

      15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 91-бабында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;

      15-1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 98-1 және 98-2-баптарында көзделген жағдайларда өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану туралы;

      16) қылмысты жасауға ықпал ететiн мән-жайлардың бар-жоғы туралы;

      17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;

      18) алдыңғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы;

      19) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатудың күшін жою туралы шешеді.

      2. Ақтау үкiмiн шығару кезiнде сот ақталушыға тергеп-тексеру, прокуратура, сот органдарының заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиянды өтеу туралы мәселе жөнiнде шешiм қабылдайды.

      3. Сотталушыны бiрнеше қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыптаған кезде, сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) тармақтарында көрсетiлген мәселелердi әрбiр қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жеке-жеке шешедi.

      4. Егер қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп бiрнеше сотталушы айыпталса, сот әрбір сотталушының жасалған іс-әрекетке қатысу рөлi мен дәрежесiн айқындай отырып, олардың әрбіріне қатысты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген барлық мәселелердi жеке-жеке шешедi.

      5. Сот осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған негiзгi мәселелердi шешкеннен кейін мынадай:

      1) сотталушының, ал қажет болған жағдайда – жәбiрленушiнiң ата-анасыз қалған, кәмелетке толмаған балаларын орналастыру туралы;

      2) сотталушының мүлкiн, қажет болған жағдайда жәбiрленушiнiң мүлкiн қорғау туралы;

      3) жекеше қаулы шығару қажеттiгi туралы;

      4) алдыңғы үкім бойынша кепілгерлікті белгілей отырып қылмыстық жауаптылықтан босатудың күші жойылған жағдайда кепіл нысанасының тағдыры туралы қосымша мәселелердi шешуге көшедi.

      6. Егер Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты осы қылмыстық іс бойынша қолданылуға жататын заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні басқа соттың бастамасы бойынша конституциялық емес деп тану туралы ұсынуды іс жүргізуге қабылдаса, сот үкім шығаруды кейінге қалдыруға міндетті.

      Ескерту. 390-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2018 № 132-VI (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс б...

Толық оқу »

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың т...

Толық оқу »

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер: 1) бұл тур...

Толық оқу »

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жәбiрленуш...

Толық оқу »

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу...

Толық оқу »

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  55. Полномочия следственного судьи Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 55. Полномочия следственного судьиУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В ходе досудебного производства следственный судья в предусмот...

Толық оқу »

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі...

Толық оқу »

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодек...

Толық оқу »

Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысы. Сот практикасының...

Толық оқу »

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессе Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В уголовном процессе рассматриваются...

Толық оқу »