4-1-бап. Сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының Патент Заңы
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы:
1) өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізеді;
2) өнеркәсіптік меншік объектілерін тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде тіркейді және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын береді, патенттерді жарамсыз деп таниды және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтатады;
3) өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерде тіркейді;
4) тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдердi, бюллетеньді жүргізеді және оларды өзінің интернет-ресурсына орналастырады;
5) тиісті мемлекеттiк тiзiлiмдерден үзінді көшірмелер береді;
6) өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге жататын мәліметті бюллетеньде жариялайды;
7) тіркелген өнеркәсіптік меншік объектілері туралы мәліметтерді мүдделі тұлғалардың өтініштері негізінде іздеуді жүзеге асырады;
8) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерді қарайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады.
2. Уәкілетті органмен келісу бойынша сараптама ұйымы өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласында қызметтер көрсеткені үшін осы ұйым шеккен шығындарды толық өтеу, оның қызметінің шығынсыздығы және өз кірістері есебінен қаржыландыру қамтамасыз етілген жағдайда, көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітеді.
Ескерту. 1-тарау 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.07.09 N 586 Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы