4-1-бап. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы
1. Ұлттық теңіз тасымалдаушысының мәртебесін уәкілетті орган халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде кемелері (танкерлер, құрғақ жүк кемелері, паромдар, контейнер тасушылар) бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және шарттарда береді.
2. Ұлттық теңіз тасымалдаушысы:
1) жолаушыларды, багажды, пошта жөнелтілімдерін, жүктерді халықаралық қатынаста, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, стратегиялық, гуманитарлық және арнайы жүктерді теңіз арқылы тасымалдау жөнінде қызметтер көрсетеді;
2) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары шегінде құтқару операцияларына және кемелерден мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуін жоюға шарттық негізде қатысады;
3) қазақстандық сауда флотын дамыту жөнінде шаралар қолданады;
4) ұлттық теңіз көлігі мамандарын даярлауға қатысады;
5) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарды іске асыруға қатысады.
Ескерту. Заң 4-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы.
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы