4-3-бап. Мәліметтерді тексеру Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Заңы
1. Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына берілетін мәліметтерді тексеруді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингінің және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды іске асыру мониторингінің нәтижелері, сондай-ақ стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары, мемлекеттік органдардың ақпараты, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар мәліметтерге тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
Қажет болған кезде тексеру жүргізуге басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.
Ескерту. Заң 4-3-баппен толықтырылды - ҚР 02.12.2015 № 429-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы