⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-6-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

4-6-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-6-бап. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы 

      1. Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу кезінде қоғамдық мүдделерді ескеру және қорғау, сондай-ақ халықтың ақпаратқа қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында уәкілетті орган жанынан Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия құрылады. 

      2. Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның негізгі функциялары мыналар болып табылады: 

      1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес өңірлік деңгейдегі мемлекеттік ақпараттық саясаттың тақырыптық бағыттарының тізбесін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау; 

      2) республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына сәйкес республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты алуға үміткерлердің өтінімдерін қарау және ұсыныстарды тұжырымдау; 

      3) Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

      3. Уәкілетті орган Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі республикалық комиссия туралы ережені және оның құрамын, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекітеді.  

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы. 

       Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы