⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы

4-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

   4-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы 

1994 жылғы 1 қаңтардан бастап, меншiк нысандарына қарамастан, барлық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер үшiн еңбекке ақы төлеу қорының 30 процентi мөлшерiнде мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударылым тарифi белгiленсiн. Мүгедектер мен зейнеткерлердiң қоғамдық ұйымдары, олардың кәсiпорындары, мекемелерi, ұйымдары мен оқу орындары, шаруа /фермер/ қожалықтары, адвокаттар алқасы, жеке кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар үшiн мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға 5 процент мөлшерiнде аударылым тарифi белгiленсiн.   
      Әлеуметтiк сақтандыруға арналған аударылымның жалпы сомасы Зейнетақы қоры мен Әлеуметтiк сақтандыру қоры арасында нормативтер бойынша 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап 90 және 10 процент, ал 1994 жылғы 1 тамыздан бастап тиiсiнше 85 және 15 процент болып бөлiнедi.<*>   
      Азаматтардың Зейнетақы қорына жалақының 1 процентi мөлшерiнде аударылатын мiндеттi сақтандыру жарналары жойылсын.   
      ЕСКЕРТУ. 4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1994.10.13. N 201-XIII Заңымен.    

 

Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 14 шiлде N 137-ХIII 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы