4-бап. Ассамблеяның негізгі міндеттері Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Заңы
Ассамблеяның негізгі міндеттері:
1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
2) Қазақстан халқының бірлігін нығайту;
3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
4) азаматтардың саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыруға қатысу;
5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
6) Қазақстан халқының дәстүрлерін, тілдері мен мәдениетін сақтау және дамыту болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2018 № 149-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70-IV Заңы.
Осы Заң Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру тәртібін және оның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы