4-бап. Астық рыногын мемлекеттiк реттеу нысандары Астық туралы Заңы
Астық рыногына қатысушылардың қызметiн мемлекеттiк реттеу:
1) уәкілетті орган бекiтетiн бiлiктiлiк талаптары негiзiнде астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
1-1) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық реттеу;
2-1) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) астық қолхаттарының айналысын құқықтық реттеу;
4) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін лицензиялық бақылау;
4-1) астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қағидалардың сақталуын бақылау;
4-2) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4-3) астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарды өтеу;
5) алып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) алып тасталды
7) өсiмдiктердi қорғау және олардың карантинi жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қаржыландыру;
8) алып тасталды
9) алып тасталды
10) заң актiлерiнде көзделген өзге де нысандар арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.10.13. № 488 Заңымен, 2004.12.20. № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. № 209 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2007.07.26. № 313 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 04.12.2015 № 435-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 502-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.12.2020 № 390-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында астықты өндiру, сақтау және сату процесiнде пайда болатын қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы