⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi  Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi  Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттiсақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi  Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы 

      1. Аудиторлық ұйымның аудиттi өткiзу кезiнде мүлiктiк зиян келтiрiлген аудиттеу субъектiлерiнiң мүлiктiк мүдделерiн қорғауды сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қамтамасыз ету аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады. 

       2. Мыналар аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:  

      аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша жауапкершiлiгi сақтандырылған аудиторлық ұйымдардың қызметiн жүзеге асыру; 

      тараптардың аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 Заңы. 

        Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты  

       туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы