4-бап. Даму Банкiнiң функциялары Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы
Даму Банкiнiң функциялары:
1) Меморандумға сәйкес жобаларды іздестіру, iрiктеу және, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, қаржыландыру;
2) қаржыландыруға ұсынылатын жобаларға шарт негізінде банк сараптамасын жүргізу;
3) Даму Банкінің қызметі шеңберінде қарыз алуды жүзеге асыру;
4) мемлекеттік бағдарламаларды, жобаларды іске асыру шеңберінде халықаралық және ұлттық даму институттарымен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) Даму Банкi қарыз алушыларының қаржылық жай-күйінің және Даму Банкі қаржыландыратын жобалардың іске асырылуының мониторингі, оның ішінде қамтамасыз ету мониторингі;
6) Даму Банкі қарыз алушылары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;
7) мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қоса алғанда, мемлекеттiк емес қарыздарды алу, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу;
8) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеп тұрған өндірістерді сауықтыруы және қолдауы мақсатында оларға кредит беруге бағытталған бағдарламаларды іске асыру кезінде сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функцияларын орындау;
9) Даму Банкіне нысаналы қорландыру қаражатын берген жағдайда инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және сауықтыруды екінші деңгейдегі банктердің кейіннен жүзеге асыруы мақсатында екінші деңгейдегі банктерге қарыздар ұсыну;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және Даму Банкінің жарғысында көзделген өзге де функциялар болып табылады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы