⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

4-бап. Экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін әділ қанағаттандыру мақсатында экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген және табиғи ресурстар экологиялық теңгерімді пайдаланылған кезде экологиялық орнықтылықты бұзбай қол жеткізілетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы орнықты даму деп танылады.

      2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері мыналар болып табылады:

      1) қоршаған ортаға антропогендік әсер барынша азайтылған, жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтыну қысқартылған, қалдықтардың түзілу және көмілу деңгейі төмендетілген, сондай-ақ оларды қайталама ресурстар ретінде пайдалану ынталандырылған кезде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының артуымен сипатталатын өндіріс пен тұтынудың орнықты модельдерін қалыптастыру және қолдау;

      2) табиғи экологиялық жүйелердің орнықты жұмыс істеуі, биологиялық әртүрлілікті (бұдан әрі – биоәртүрлілікті) сақтау және орнықты пайдалану, табиғи ортаның тозуына жол бермеу және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру, шөлейттенумен күрес;

      3) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруін болғызбау және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, сондай-ақ Жер атмосферасының озон қабатын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюға қатысуы;

      4) Жер экожүйесінің саламатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы;

      5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасын халықаралық құқықтың қағидаттарымен және нормаларымен үйлестіру және халықаралық экологиялық құқықты дамытуға жәрдемдесу;

      6) экологиялық залал немесе адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіретін кез келген қызметтің түрлерін және заттардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге көшіруді және ауыстыруды тежеу, болғызбау, сондай-ақ сақтық қағидатына сәйкес алдын алу шараларын қабылдау.

      3. Адамның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен өмірлік маңызды мүдделерінің қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалу жағдайы ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік деп түсініледі.

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы