⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары  Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы 

       1. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.  

       2. Кредиттiк серiктестiктiң құрылтай шартында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәлiметтерден басқа:  

       1) кредиттiк серiктестiкке кiру кезiнде төленуге тиiстi мiндеттi салымның ең төменгi мөлшерi;  

       2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының мiндеттi салымды салу тәртiбi мен шарттары;  

       3) кредиттiк серiктестiктiң таза кiрiсiн, қатысушылар салған міндетті салымдар мен қосымша жарналарды ескере отырып бөлу тәртiбi болуға тиiс.  

       3. Кредиттiк серiктестiктiң жарғысында Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген мәлiметтерден басқа:  

       1) кредиттiк серiктестiктiң фирмалық атауы мен орналасқан жерi;  

       2) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi;  

       3) кредиттiк серiктестiкке қатысу тәртiбi мен шарттары;  

       4) кредиттiк серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi туралы мәлiметтер;  

       5) кредиттiк серiктестiк қатысушыларының қосымша жарнаны салуы мен алып қоюының тәртібі, шарттары;  

       6) кредиттiк серiктестiк органдары туралы ережелер, шешiмдер қабылдау, соның iшiнде кредиттiк серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына қатысушылар және өкiл болып отырғандар даусының төрттен үш айқын басым көпшiлiгi қажет болатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi;  

       7) кредиттiк серiктестiк органдарының арасындағы құзыреттi бөлу;  

       8) кредиттiк серiктестiктiң ақшасын орналастыру тәртiбi;  

       9) кредиттiк серiктестiктiң жарғысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi;  

       10) кредиттiк серiктестiктiң резервтiк капиталын құру және пайдалану тәртiбi болуға тиiс.  

      4. Алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).       Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.12.23 № 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 Заңы. 

       Осы Заң кредиттiк серiктестiктердiң құқықтық жағдайын, құрылу, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртiбiн, сондай-ақ қызметiнiң реттелуiн айқындайды. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы