⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Мемлекеттік қорғалу құқығының пайда болуы Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

4-бап. Мемлекеттік қорғалу құқығының пайда болуы Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Мемлекеттік қорғалу құқығының пайда болуы Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Заңы  

      1. Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты күш қолдану немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекет жасау қатері туралы жеткілікті деректер болған кезде қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдар өз құзыреті шегінде осы Заңда көзделген мемлекеттік қорғау шараларын қабылдауға міндетті. 

      2. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдемдесетін азаматтарға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешімді қылмыстық процесті жүргізетін органмен қатар, жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдар осы Заңда көзделген тәртіппен қабылдайды. 

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР-ның 2009.04.07. № 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі № 72 Заңы. 

       Осы Заң қылмыстық процеске құқыққа қарсы араласудың жолын кесу мақсатында, қылмыстық процеске қатысушы адамдардың, олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының өмiрiн, денсаулығын, мүлкiн, заңды құқықтарын, мүдделерiн мемлекеттiк қорғау, олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шараларының жүйесiн белгiлейдi. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы