4-бап. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты және негізгі принциптері Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы Заңы
1. Міндетті экологиялық сақтандырудың мақсаты шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезінде авария салдарынан табиғи ортаның құрамдастарына келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.
2. Міндетті экологиялық сақтандырудың негізгі принциптері:
осы Заңда белгіленген көлемде және тәртіппен экологиялық залалды өтеу;
тараптардың міндетті экологиялық сақтандыру шарты бойынша өз міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз етуі;
экологиялық залал келтіруді болғызбауды экономикалық ынталандыру болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының Заңы 2005 жылғы 13 желтоқсандағы N 93-III ҚРЗ.
Осы Заң міндетті экологиялық сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы