⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Патент Заңы

4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Патент Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының Патент Заңы  

      1. Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын және өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгілердi қopғay саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган. 

      2. Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады: 

      1) өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; 

      2)  мыналарды: 

      өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын; 

      өнеркәсіптік меншік объектілерін Өнертабыстардың мемлекеттік тізілімінде, Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімінде, Өнеркәсіптік үлгілердің мемлекеттік тізілімінде тіркеу және қорғау құжаттары мен олардың телнұсқаларын беру, патенттерді жарамсыз деп тану және олардың қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын; 

      өнеркәсіптік меншік объектісіне айрықша құқық беруді, оны пайдалануға, ашық немесе мәжбүрлі лицензияға құқықты табыстауды тиісті мемлекеттік тізілімдерде тіркеу қағидаларын; 

      тиісті мемлекеттік тізілімдерден үзінді көшірмелер беру қағидаларын; 

      апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын; 

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өнеркәсіптік меншік объектілеріне арналған өтінімдерді қарау қағидаларын; 

      аттестаттау комиссиясы туралы ережені; 

      апелляциялық кеңес туралы ережені; 

      апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту; 

      3) өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеуге жататын мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау; 

      4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізіліміндегі мәліметтердің күшін жою; 

      5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру; 

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.07.09 N 586, өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427 Заңы. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы