4-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру принциптерi Өсімдіктер карантині туралы Заңы
Қазақстан Республикасының аумағында өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың принциптерi мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының азық-түлiк және шикiзат қауiпсiздiгiн сақтап тұру және мүлiктi сақтау мақсатында өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмдердi карантиндi объектiлердiң бүлдiруiнен және жоюынан қорғауды қамтамасыз ету;
2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік реттеу, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық;
3) өсiмдiк ресурстары мен өсiмдiк тектi өнiмге карантиндi объектiлердiң ықтимал әсерiн объективтi, ғылыми негiздеп бағалау және олардың ықтимал зиянын болғызбау;
4) халықтың, жеке және заңды тұлғалардың, ұйымдардың, мемлекеттiк басқару және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi шараларды орындауға белсене қатысуы;
5) өсiмдiктер карантинi саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.02.18 № 293, 2006.01.31 № 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын өсiмдiктер карантинi жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асырудың құқықтық негізін, мақсаттарын, міндеттері мен принциптерiн белгiлейдi.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы