⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Осы Заңның қолданылу аясы  Сауда қызметін реттеу туралы Заңы 

      1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста болады және сауда қызметi субъектiлерiне қолданылады. 

      2. Осы Заңның күшi: 

      1) Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiмен реттелетiн жекелеген тауарлар түрiнiң айналымы бойынша қатынастарға қолданылмайды. 

      Қазақстан Республикасының бұл заңнамалық актiлерiмен реттелмейтiн бөлiгiнде осындай тауарлармен сауда қызметiн жүзеге асыру осы Заңның нормаларымен реттеледi; 

      2) қаржы ұйымдарының қызметіне байланысты, сондай-ақ қаржы құралдарымен операциялар жасауға байланысты; 

      3) банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңы операторының қызметіне және банк және микроқаржы активтері сатылатын электрондық сауда алаңының жұмыс істеуіне байланысты қатынастарға қолданылмайды. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы. 

        Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы