⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мақсаттары мен қағидаттары Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы

4-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мақсаттары мен қағидаттары Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мақсаттары мен қағидаттары Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы 

      1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мақсаттары: 

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 

      2) жаппай жою қаруын таратпау режимін нығайту; 

      3) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу; 

      4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту, жаппай жою қаруы мен оны жеткізу құралдарының таралуын болғызбау болып табылады. 

      2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттары: 

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мүдделерінің басымдығы; 

      2) жаппай жою қаруын және оны жеткізу құралдарын таратпау жөніндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтау; 

      3) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылауды жүзеге асырудағы саяси мүдделердің басымдығы; 

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы ақпараттың ашықтығы; 

      5) терроризмді қолдауға жол бермеушілік; 

      6) өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау рәсімдері мен қағидаларының жалпыға танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады. 

 

      Осы Заң өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау қағидаттарын және құқықтық негіздерін белгілейді, Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыру, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсету кезіндегі, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын және транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы