4-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi Электр энергетикасы туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
1-1) бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету кезінде ғана шеккен шығыстарына өтем жасау үшін оның осындай көрсетілетін қызметтен түскен кірістерінің жетіспеуі салдарынан өзінің энергия өндіруші ұйымдар алдындағы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оған мемлекеттік қаржылық қолдауды жүзеге асырады;
1-2) алып тасталды – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
1-3) тұтынушылардың сатып алынған электр энергиясына уақтылы ақы төлемеуі салдарынан туындаған залал және (немесе) ақша қаражатының тапшылығы пайда болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады;
1-4) осы Заңның 15-6-бабының 7-2-тармағында айқындалған жағдайда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салу үшін тендер жеңімпазын айқындайды;
1-5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2) алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 588 Заңы.
Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы