4-бап Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдiктер Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Заңы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Этникалық қазақтарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған адамдарды , сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар негізінде жеңілдетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығы бар адамдарды және олардың бірге немесе бөлек келген отбасы мүшелерін, тізбесін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін сұранысқа ие кәсіптері бар шетелдіктерді қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі айқындайтын тәртіппен және мөлшерлерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.
Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шетелдіктерден басқа, Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша жәбірленуші, куә, қорғалуға құқығы бар куә, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы деп танылған шетелдіктер қылмыстық іс бойынша іс жүргізу аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасында уақытша болатындар деп есептеледі.
Қандастардың оңайлатылған тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуға және Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға бір мезгілде құжаттар тапсыруға құқығы бар.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.01.12 № 227; өзгерістер енгізілді - ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 327-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы