⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi  2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі Төтенше жағдай туралы Заңы

4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi  2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі Төтенше жағдай туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 4-бап. Төтенше жағдай енгiзудiң шарттары, негiздерi  2-тарау. Төтенше жағдайды енгізу мен оның күшін жоюдың шарттары, негіздері, тәртібі Төтенше жағдай туралы Заңы 

      1. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген, мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi және оларды оқшаулау мен жою үшін негізгі, қосымша шаралар мен уақытша шектеулер енгізу қажет. 

       2. Төтенше жағдайды енгiзу негiздерi болатын мән-жайларға, осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған жағдайда:  

       1) шектес мемлекеттер аумақтарынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы жаппай өтуден; Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге әрекеттенуден; терроризм актілерінен; билiктi күштеп басып алуға немесе Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған iс-әрекеттерден; жаппай тәртiпсiздiктерден, ұлтаралық және конфессияаралық жанжалдардан; жекелеген жергілікті жерлердi, аса маңызды және стратегиялық объектiлердi қоршап алудан немесе басып алудан; заңсыз қарулы құралымдарды дайындаудан және олардың әрекетінен; қарулы бүліктен; диверсиядан; қарулы қақтығысты күштеп таңу мақсатында басқа мемлекеттер тарапынан жасалатын арандатушылық iс-әрекеттерден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар; 

       2) дүлей зiлзала (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлар, табиғи өрттер, эпидемиялар мен iндеттер, ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен ормандардың аурулармен және зиянкестермен зақымдалуы, өнеркәсiптiк, көлiктiк және басқа авариялар, өрттер (жарылыстар), күштi әсер ететiн улы, радиоактивтi және биологиялық қауiптi заттар ауаға жайылатын (жайылу қаупi бар) авариялар, үйлер мен ғимараттардың кенеттен құлауы, су бөгеттерiнiң бұзылуы, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн электрэнергетикалық және коммуникациялық жүйелердегi, тазарту құрылғыларындағы авариялар себеп болған және жағдайды дереу тұрақтандыруды, құқық тәртiбiн қамтамасыз етудi, қажеттi құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жағдай жасауды талап ететiн табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар жатады.  

       Дүлей зiлзаланың немесе кең көлемдi аварияның (апаттың) нақты қаупi де азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұсынуы негiзiнде төтенше жағдай енгiзуге негiз болуы мүмкiн.  

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы