4-бап. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң құқықтық мәртебесi 2-тарау. ТҰРҒЫН YЙ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖИНАҚ АҚШАСЫ ЖҮЙЕСIНIҢ ЖҰМЫС IСТЕУIН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы Заңы
1. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның осы Заңның 5-бабында көзделген қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар банк.
Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысуға міндетті.
2. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң ресми мәртебесi жоқ заңды тұлға "тұрғын үй құрылысы жинақ банкi" деп атала алмайды және (немесе) осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген қызметті жүзеге асыра алмайды.
3. Тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiн құру, олардың жұмыс iстеу және қызметiн тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2003.07.10. № 483, 2005.04.14. № 43, 2007.07.02. № 272, 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы N 110 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы