⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Туристiк индустрия Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы

4-бап. Туристiк индустрия Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Туристiк индустрия Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы Заңы   

      1. Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнiң, ойын-сауық объектiлерi мен құралдарының, танымдық, сауықтыру, iскерлiк, спорттық және өзге де мақсаттағы объектiлердiң, туристiк қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер  қызметiн көрсететiн ұйымдардың жиынтығы. 

      2. Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi: 

      1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету; 

      2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету; 

      3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету; 

      4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету; 

      5) көлiк қызметiн көрсету; 

      5-1) көліктің барлық түрлеріне билеттерді және іс-шараларға баруға билеттерді беру бойынша (броньға қоюды, сатуды және жеткізуді қоса алғанда) көрсетілетін қызметтер; 

      6) көрсетілетін ойын-сауық қызметтері; 

      7) туристік қызмет көрсету шартында көзделген өзге де туристiк көрсетілетін қызметтер. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы. 

    Осы Заң Қазақстан Республикасы экономикасы салаларының бiрi ретiнде туристiк қызметтiң құқықтық, экономикалық, әлеуметтiк, ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы