⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Уәкілетті орган Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

4-бап. Уәкілетті орган Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Уәкілетті орган Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Заңы  

      Уәкілетті органның құзыретіне мыналар жатады: 

      1) топологияларға құқықтарды құқықтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; 

      2)  мыналарды: 

      топологияларды тіркеу туралы өтінімдерге сараптама жүргізу қағидаларын; 

      топологияларды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізіліміне енгізу және тіркеу туралы куәліктерді, автор куәліктерін беру қағидаларын; 

      топологияларға айрықша құқық беруді, оларды пайдалануға құқықты табыстауды Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінде тіркеу қағидаларын; 

      Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын; 

      апелляциялық кеңестің қарсылықтарды қарау қағидаларын; 

      аттестаттау комиссиясы туралы ережені; 

      апелляциялық кеңес туралы ережені; 

      апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және бекіту; 

      3) тіркелген топологиялар туралы мәліметтерді бюллетеньде жариялау тәртібін айқындау; 

      4) патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде мәліметтердің күшін жою; 

      5) аттестаттау комиссиясының, апелляциялық кеңестің және апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру; 

      6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 20.06.2018 № 161-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2022 № 128-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217 Заңы. 

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы