⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы 

      Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында: 

      1) өзге де мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады; 

      1-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді; 

      1-2) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      1-3) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

      3) техникалық регламентке сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады; 

      4) өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi; 

      5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді; 

      6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді; 

      7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      8) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 
      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      8-1) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді; 

      ЗҚАИ-ның ескертпесі! 
      8-2) тармақшаны алып тастау көзделген – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

      8-2) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      3. алып тасталды  
 

      4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.  

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (қолданысқа  енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңы. 

  Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы