4-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы Заңы
Ескерту. 4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
1. Уәкілетті орган:
1) Қордың және қатысушы-сақтандыру ұйымдарының қызметін реттейтін, оның ішінде кепілдік төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;
2) талаптары барлық қатысушы-сақтандыру ұйымдары үшiн стандартты болып табылатын қатысу шартын бекітеді;
3) активтерді инвестициялау тәртібін және Қордың меншікті активтері, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты және зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін белгілейді;
4) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 5) алып тасталды - ҚР 27.04.2015 № 311-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 6) алып тасталды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6-1) міндетті, қосымша жарналардың және шартты міндеттемелердің мөлшерлемесін есептеу әдістемесін, міндетті, бастапқы біржолғы, қосымша және төтенше жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін, Қорға қатысушы сақтандыру ұйымдарының шартты міндеттемелерді қалыптастыру және есепке алу тәртібін бекітеді;
6-2) Қордың меншікті активтері, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Қордың қаржы активтерін бағалау тәртібін белгілейді;
7) қатысушы-сақтандыру ұйымдарының Қорға төлеуіне жататын, Қордың директорлар кеңесі белгілеген қатысушы-сақтандыру ұйымдарының әрбір күнтізбелік жылға арналған міндетті және қосымша жарналарының ставкаларын, сондай-ақ шартты міндеттемелерін келіседі;
8) Қордың басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім береді, сондай-ақ мінсіз іскерлік беделдің болмау өлшемшарттарын қоса алғанда, келісім беру тәртібін және келісім алу үшін қажет құжаттардың тізбесін белгілейді;
9) Қорға, қатысушы-сақтандыру ұйымдарына Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде қадағалап ден қою шараларын қолданады;
10) Қор жарғысын, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;
10-1) Қордың қызметін тексеруді жүргізеді;
10-2) Қор стратегиясын, Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі саясатын, Қордың ішкі аудит жөніндегі саясатын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі;
10-3) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
10-4) Қордың директорлар кеңесі бекіткен Қордың мынадай мәселелер бойынша ішкі құжаттарын, сондай-ақ оларға енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды келіседі:
Қордың меншікті активтерін, "жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражатын, зиянды өтеу резервінің қаражатын ішкі есепке алуды жүргізу;
"жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері жеткіліксіз болған кезде Қордың меншікті активтері есебінен осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру;
"жалпы сақтандыру" және "өмірді сақтандыру" салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің жеткіліксіз болуына байланысты осы Заңның 8-бабы 2-тармағының 1) және 1-1) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін пайдаланылған Қордың меншікті активтерінің орнын толтыру;
инвестициялық комитетті, консультативтік комитетті, олардың негізгі міндеттері мен құзыреттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі;
10-5) Қордың есепке алу саясатын келіседі;
10-6) Қордағы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптарды белгілейді;
11) осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржылық және өзге де есептіліктің тізбесін, нысандарын, оны Қордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртібін айқындайды.
2. Уәкілетті органның мынадай:
1) Қордың жарияланған акцияларының санын арттыру;
2) Қордың өзге де заңды тұлғаларды құруға және олардың қызметіне Қорға тиесілі барлық активтердің он және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір бөлігін немесе бірнеше бөлігін беру арқылы қатысуы;
3) Қор міндеттемелерін Қордың меншікті капиталы мөлшерінің он және одан да көп процентін құрайтын сомаға ұлғайту;
4) Қордың өзінің орналастырылған акцияларын сатып алуы және оларды сатып алу бағасы;
5) ірі мәмілелерді және Қордың жасауға мүдделілігі бар мәмілелерді жасасу мәселелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысының және Қордың директорлар кеңесінің шешімдеріне вето қою құқығы болады.
2-1. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырыстарына дауыс беруге қатысу құқығынсыз уәкілетті органның өкілі қатысуға құқылы. Қор акционерлері жалпы жиналысының отырысына қатысып отырған уәкілетті органның өкілі осы баптың 2-тармағында айқындалған мәселелер бойынша Қор акционерлері жалпы жиналысының шешімдеріне вето құқығын пайдаланады.
3. Акционерлердің жалпы жиналысында және Қордың директорлар кеңесінде қабылданатын шешімдер осы баптың 2-тармағында вето құқығы белгіленген мәселелер бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен және мерзімде уәкілетті органмен келісуге жатады.
4. Қордың осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптарын сақтамауы осы мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы N 423 Заңы.
Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы