⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен қағидаттары 2-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

4-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен қағидаттары 2-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 4-бап. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері мен қағидаттары 2-тарау. ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫ ҚОЛДАУ Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы Заңы 

       Ескерту. 4-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

      1. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің міндеттері болып табылады: 

      1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасау; 

      2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып энергия өндіруді ынталандыру; 

      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін жобалауды, салуды және пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвестициялық преференциялар беру; 

      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін бірыңғай электр энергетикасына, жылу жүйесіне, электр және жылу энергиясының нарығына тиімді ықпалдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау; 

      5) Қазақстан Республикасының парник газдары шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындауға жәрдемдесу. 

      2. Мыналар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеудің қағидаттары болып табылады: 

      1) энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік; 

      2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау; 

      3) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы субъектілер мүдделерінің теңгерімі; 

      4) генерация құрылымында жаңартылатын энергия көздерінің үлесін дамыту жөніндегі міндеттемелерге қол жеткізу; 

      5) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы. 

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 96-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі N 165-IV Заңы. 

      Осы Заң жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың мақсаттарын, нысандары мен бағыттарын айқындайды, сондай-ақ қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды қолдау және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану тетігін реттейді. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы