⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 4-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы Мынадай айыптары үшiн сотталғандардың бәрi ақталған адамдар деп жарияланады:

4-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы Мынадай айыптары үшiн сотталғандардың бәрi ақталған адамдар деп жарияланады:

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

4-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы Мынадай айыптары үшiн сотталғандардың бәрi ақталған адамдар деп жарияланады:  

       а) революцияға қарсы үгiт-насихат жүргiзгенi;  

       б) шiркеудi мемлекеттен бөлу туралы ережелердi бұзғаны (дiни топтардың алым қаражаттарын күштеу арқылы жинағаны, дiни құрыптарды атқаруға бөгет жасағаны үшiн айыптау бойынша сотқа тарту жағдайларынан басқа реттерде), яғни 1958 жылғы 25 желтоқсандағы "Мемлекеттiк қылмыстар үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы" КСРО Заңы қабылданғанға дейiн қолданылған РКФСР Қылмыстық кодексiнiң 58, 122, 123, 125, 126-баптары бойынша;  

       в) кеңеске қарсы үгiт және насихат жүргiзгенi;  

       г) мешiт пен шiркеудi мемлекеттен және мектептi мешiт пен шiркеуден бөлу туралы заңдарды бұзғаны;  

       д) КСРО-ның қоғамдық құрылысын даттайтын қасақана өтiрiк қауесеттер таратқаны үшiн, яғни Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң 56, 130 (1992 жылғы 26 маусымдағы Қазақ КСР-iнiң Заңы қабылданғанға дейiн қолданылған редакцияда) 170-1 баптары бойынша.  

 

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі N 2200 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды.   

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы