4-бап. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты және негiзгi принциптерi Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттердi жасауы нәтижесiнде зиян келтiрiлген үшiншi тұлғалардың мүлiктiк мүдделерiн сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру арқылы қорғауды қамтамасыз ету жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың мақсаты болып табылады.
2. Жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандырудың негiзгi принциптерi:
жекеше нотариустың жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша жауапкершілігі сақтандырылған жекеше нотариустың қызметiн жүзеге асыру;
тараптардың жекеше нотариустардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша өз мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуi болып табылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 435 Заңы.
Осы Заң жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы