412-бап. Жекеше айыптау iсi бойынша соттың шешiмi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Жекеше айыптау жөнiндегi iстi қарап, судья осы Кодекстiң қағидаларын басшылыққа ала отырып, мына шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) айыптау немесе ақтау үкiмiн шығарады;
2) iстi тоқтатады;
3) жариялы немесе жекеше-жариялы тәртіппен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде істі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзу туралы мәселенi шешу үшiн тиісті прокурорға жiбередi.
2. Соттың жекеше айыптау iсi бойынша шешiмiне тараптар осы Кодексте көзделген тәртiп пен мерзiмде жалпы негiздерде шағым жасай алады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы