413-бап. Жекеше айыптау ісі бойынша iстi тоқтату ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Жекеше айыптау iсін жүргізу осы Кодекстiң 35-бабында көзделген мән-жайлар бар болған кезде, сондай-ақ жәбiрлеушiнiң не айыпталушының жақын туыстары iстi қарауды талап еткеннен басқа жағдайларда, жекеше айыптаушының қайтыс болуына байланысты тоқтатылуға жатады.
2. Жекеше айыптау бойынша iс жүргiзудi тоқтату тәртiбi, осы тарауда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Кодекстiң жалпы қағидаларымен айқындалады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы