⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 436-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

436-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

436-бап. Қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде жол берілген осы Кодекстiң қағидаттары мен өзге де жалпы ережелерін бұзушылықтар, сондай-ақ iске қатысатын адамдарды заңда кепілдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе олардың құқықтарына қысым көрсету, сот iсiн жүргiзу рәсiмдерін сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзгедей жолмен кедергi келтірген, сот төрелігінің үкімін немесе соттың өзге де шешімдерін шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуі мүмкін өзге де заң бұзушылықтар қылмыстық-процестік заңды елеулi түрде бұзу болып танылады.

      2. Бірінші сатыдағы соттың міндетті түрде зерттелуге жататын дәлелдемелерді зерттемеуі салдарынан жол берген сот тергеуінің біржақтылығы немесе толық еместігі, талқылаудан жол берілетін дәлелдемелерді қателесіп алып тастаудың немесе тарапқа іс үшін маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді зерттеуден негізсіз бас тартудың не жарамсыз дәлелдемелерді зерттеудің нәтижесі болып табылса, үкімнің күші жойылуға немесе ол өзгертілуге жатады.

      3. Егер:

      1) сот осы Кодекстiң 35-бабында көзделген негiздер болған кезде қылмыстық iсті тоқтатпаса;

      2) үкiмдi соттың заңсыз құрамы шығарған болса;

      3) осы Кодекстiң 335-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, iс сотталушының қатысуынсыз қаралса;

      4) заң бойынша қорғаушы немесе жәбірленушінің өкілі қатысуға мiндеттi болғанда, іс сотта олардың қатысуынсыз қаралса немесе сотталушының қорғалу құқығы өзгедей түрде бұзылса;

      5) сотта сотталушының немесе жәбірленушінің ана тiлiн немесе өздері білетін тiлдi не аудармашының көрсететін қызметтерін пайдалану құқығы бұзылса;

      6) осы Кодекстің талаптарына сәйкес жарыссөз жүргізілмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға сот жарыссөзiне қатысу құқығы берілмесе;

      7) осы Кодекстің талаптарына сәйкес соңғы сөз сөйлеу көзделмеген жағдайларды қоспағанда, сотталушыға соңғы сөз берiлмесе;

      8) үкім шығару құпиясы бұзылса;

      9) үкiмге судья қол қоймаса, кез келген жағдайда үкімнің, қаулының күшi жойылуға жатады.

      4. Істе сот отырысы хаттамасының болмауы шағым жасалған (прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралған) сот актісінің күшін жою үшін негіз болып табылмайды. Мұндай жағдайларда апелляциялық сатыдағы сот істі толық ресімдеу үшін бірінші сатыдағы сотқа жібереді.

      Ескерту. 436-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

271-бап. Сараптаманы мiндеттi түрде тағайындау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер iс бойынша: 1) өлiмнiң себептерiн; 2) денсаулыққа кел...

Толық оқу »

113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

113-бап. Қылмыстық iс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша: 1) оқиға және қылмыстық...

Толық оқу »

531-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша анықталуға жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

531-бап. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша анықталуға жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi...

Толық оқу »

542-бап. Сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

542-бап. Сотта кәмелетке толмаған адамға қатысты істі қарау ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кәмелетке толмағандарға қатысты іст...

Толық оқу »

125-бап. Дәлелдемелердi бағалау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

125-бап. Дәлелдемелердi бағалау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әрбiр дәлелдеме оның қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал барлық жин...

Толық оқу »

537-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

537-бап. Кәмелетке толмаған күдiктiнiң, айыпталушының заңды өкiлiнiң сотқа дейінгі іс жүргізуге қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Кәмел...

Толық оқу »

540-бап. Кәмелетке толмаған адамды бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастыру немесе патронатқа беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

540-бап. Кәмелетке толмаған адамды бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды заңға сәйкес жүзеге асыратын ұйымға орналастыру немесе патронатқа беру ҚР ҚПК Қазақстан Респуб...

Толық оқу »

320-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықталуға жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

320-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықталуға жататын мәселелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Судья сот отырысын тағайындау мүмкiндiгi тур...

Толық оқу »

83-бап. Сот отырысының хатшысы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

83-бап. Сот отырысының хатшысы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот отырысының хаттамасын жүргiзетiн, сондай-ақ сот отырысының аудио-, бейнеті...

Толық оқу »

Статья 383. Приобретение или сбыт официальных документов и государственных наград  УК РК, Уголовного кодекса Республики Казахстан

383-бап. Ресми құжаттарды және мемлекеттiк наградаларды иемдену немесе өткiзу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Құқықтар беретiн немесе мiндеттерден босатат...

Толық оқу »

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы 2002 жылғы 11 сәуір N 6.

Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық құқық бұзушылықтары және оларды қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қоғамға қарсы өзге де іс-әрекеттер жасауға тарту жөніндегі істер бойын...

Толық оқу »