⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау Автомобиль жолдары туралы Заңы

5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау Автомобиль жолдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-1-бап. Автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау Автомобиль жолдары туралы Заңы  

       Ескерту. 5-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

       1. Автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер: 

      1) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне арналған І техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне); 

      2) автомобиль көлігінің барлық түрлеріне не жүк автомобиль көлігіне ғана арналған ІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне); 

      3) жүк автомобиль көлігіне арналған ІІІ техникалық санаттағы жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына (жол учаскелеріне); 

      4) астананың және республикалық маңызы бар қалалардың көшелеріне қатысты қабылдануы мүмкін. 

      2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімді автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қабылдайды. 

       3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:  

       1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;  

       2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;  

       3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;  

       4) ұзындығы;  

      5) жүріп өту үшін ақы мөлшерлемесі; 

       6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;  

       7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.  

       4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.  

      Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. № 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 27.10.2015 № 363-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы