⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі Концессиялар туралы Заңы

5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі Концессиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-1-бап. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттың құқықтық режимі Концессиялар туралы Заңы 

      1. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот концессионер инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен қарыздық қаржыландыруды тартқан жағдайда ашылады. 

      2. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша талап ету құқығы кепілімен концессиялық жобаларды қаржыландыру кезінде кредитордың құқығын қорғау мүддесінде пайдаланылады. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді. 

      Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шотты пайдалану Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

       Кредитор алдындағы міндеттемелер өтелгеннен кейін инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шот жабылуға жатады.  

       3. Инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан өндіріп алу концессия шарты бойынша талап ету құқығымен қамтамасыз етілген, концессионердің кредитор алдындағы міндеттемелерін орындауы шеңберінде ғана қолданылуы мүмкін.  

      Концессионер кредитормен келісу бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған шоттан қаражаттың бір бөлігін концессия шартында көрсетілген өзінің ағымдағы шотына аударуға құқылы. 

      Ескерту. 1-тарау 5-1-баппен толықтырылды – ҚР 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы. 

           Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы