⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға автомобиль көлігін беру міндеті Автомобиль көлiгi туралы Заңы

5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға автомобиль көлігін беру міндеті Автомобиль көлiгi туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-1-бап. Құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарға автомобиль көлігін беру міндеті Автомобиль көлiгi туралы Заңы 

      Жеке және заңды тұлғалар (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнен басқа) құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының оқиғалар, төтенше жағдайлар болған жерлерге бару және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтарды емдеу мекемелерiне жеткiзу үшiн автомобиль көлігін пайдалану жөніндегі заңды талаптарын орындауға міндетті. 

      Жергілікті атқарушы органдар тиісті уәкілетті органның ұсынуы бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға және оны жоюға тартылған күштер мен құралдарды тасымалдауды ұйымдастырады. 

      Осы бапта көзделген жағдайларда автомобиль көлігінің иелеріне көлікті пайдаланғаны үшін шығыстар, сондай-ақ келтірілген залал Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. 

      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-VКонституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).  

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 476 Заңы. 

      Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы