⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-1-бап. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi пайдалану Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

5-1-бап. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi пайдалану Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-1-бап. Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердi пайдалану Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы 

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында осы Заңның 5-бабының ережелерін ескере отырып, қазақстандық кеме иелерінің шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелерді жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, жер қойнауын пайдалану салдарларын жоюға, сондай-ақ гидротехникалық құрылысжайларды салуға және құтқару операцияларын жүргізуге байланысты қызметті жүзеге асыру үшін шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға берілген рұқсат негізінде пайдалануына жол беріледі. 

      Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемені Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету ескеріле отырып беріледі. 

      Ескерту. Заң 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 № 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Заңымен. 

 

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы N 284 Заңы. 

       Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттiк басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы