5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша жеңілдіктер Автомобиль жолдары туралы Заңы
Ескерту. 5-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 31.10.2015 № 380-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:
1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:
жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;
авариялық-құтқару қызметтерінің;
құқық қорғау органдарының;
көліктік бақылау органдарының;
арнаулы мемлекеттік органдардың;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың;
жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын (учаскелерін) күтіп-ұстауды және оларға техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын Ұлттық оператордың;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған, тиісті ақылы автомобиль жолында (учаскесінде) күтіп-ұстауды және техникалық қызмет көрсетуді тікелей жүзеге асыратын концессионердің;
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның арнаулы автокөлік құралдары;
2) қала маңындағы қатынастарда және ақылы автомобиль жолына (жол учаскесіне) іргелес елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қалалармен қосатын қатынастарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;
ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;
3) Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері босатылады.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, оның ішінде концессия шарты негізінде салынған (реконструкцияланған) және пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) пайдаланғаны үшін төлемақыдан осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген автокөлік құралдары босатылмайды.
Ескерту. 1-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2008.07.05. № 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2013 № 112-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі N 245 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы