⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-3-бап. Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құзыреті Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы 

       Ескерту. 5-3-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі). 

      1. Уәкілетті орган ипотекалық ұйымдарға қатысты мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырады: 

      1) ипотекалық ұйымдарға осы Заңда көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар береді; 

      2) ипотекалық ұйымдардың тізілімін жүргізеді; 

      3) пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар сақтауға міндетті басқа нормалар мен лимиттерді белгілейді; 

      4) ипотекалық ұйымдар орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілерді шығарады; 

      5) алып тасталды - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 
 

      6) ипотекалық ұйымдардың қызметіне дербес не басқа ұйымдарды тарта отырып тексеру жүргізеді; 

      6-1) ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; 

      7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

      1-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі уәкілетті органмен келісу бойынша ипотекалық ұйымдар есептілігінің тізбесін, нысандарын, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібін айқындайды. 

      1-2. Уәкілетті орган Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына қатысты осы Заңның 5-2-бабының 1, 2, 4-тармақтарында және 4-1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет пен операциялар бөлігінде осы баптың 1-тармағында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

      2. Ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолдану тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

      3. Ипотекалық ұйым қаржылық және (немесе) өзге де есептілігіндегі деректерді түзету жөніндегі жазбаша нұсқамада көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған кезде, уәкілетті орган пруденциялық нормативтерді және сақталуға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді есептеуді өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады. 

      Ескерту. 5-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.06.2020 № 341-VI (01.07.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы