5-бап. 1994 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы Заңы
Былай болып белгiленсiн:
а/ Меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық есептегi барлық кәсiпорындар, бiрлестiктер мен ұйымдар /залал шегiп жұмыс iстейтiндерден, сондай-ақ шетелдiк капиталды қатыстыратын, жарғылық қорындағы үлесi 30 проценттен асатын, Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жасалған келiсiмдер мен контрактiлерге сәйкес пайдалы қазбаларды игеру мен өндiруге қатысатын кәсiпорындардан басқасы/ Экономиканы қайта құру қорына өнiмнiң /жұмыстың, қызметтiң/ өзiндiк құнының 5 процентi мөлшерiнде мiндеттi аударылым жасап, осы соманы өзiндiк құн құрамына енгiзедi. Экономиканы қайта құру қорының қаражаты қайтарымсыз негiзде де, мөлшерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн инфляцияны ескере отырып индекстеу арқылы процент алатын қайтару шартымен кредит ресурстары ретiнде де инвестицияларды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi белгiлейтiн шығыстар үшiн қолданылады.
"Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құру қоры туралы" 1993 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңына /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы. 1993 ж., N 9, 208-құжат/ мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1-баптың бiрiншi бөлiгi "мемлекеттiк қор" деген сөздердiң алдынан "республикалық бюджет құрамындағы" деген сөздермен толықтырылсын;
2-бап "кәсiпорындар мен ұйымдар" деген сөздерден кейiн "/залалдарын қоспағанда, жарғылық қордағы үлесi 30 процентке жетпейтiн шетел капиталын тартатын және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жасалған келiсiмдер мен контрактiлерге сәйкес пайдалы қазбаларды игеру мен өндiруге қатысатын кәсiпорындар/" деген сөздермен толықтырылсын;
4-бап "арнаулы" деген сөзден кейiн "бюджеттiк" деген сөзбен толықтырылсын;
6-баптың 5-бөлiгiнiң екiншi абзацынан "және нақты адамдарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
6-баптың 7-бөлiгi алынып тасталсын;
8-баптың екiншi бөлiгiнiң алтыншы абзацы алынып тасталсын;
"Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесi туралы" 1993 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңына /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 9, 210-құжат/ мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
3-баптың бiрiншi бөлiгi "арнаулы" деген сөзден кейiн "бюджеттiк"деген сөзбен толықтырылсын, "тек қана" деген сөз "негiзiнен" деген сөзбен ауыстырылсын;
б/ Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан кәсiпорындар, бiрлестiктер мен ұйымдар, меншiк нысандарына қарамастан, пайдаға салынатын салықты төлегеннен кейiн өз қарамағында қалатын пайданың 1 процент мөлшерiнде Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қорына мiндеттi аударылым жасайды;
в/ Өнеркәсiптiң өндiрушiсi салаларының кәсiпорындары, бiрлестiктерi мен ұйымдары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен ставкалар негiзiнде Жер қойнауын қорғау және минералдық-шикiзат базасын ұдайы толықтыру қорына сатылған минералдық шикiзат құнының процентi есебiмен аударылым жасайды;
г/ Қазақстан Республикасының Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - жұмыс берушiлердiң еңбекақы қорының 2 процентi мөлшерiндегi мiндеттi аударылым есебiнен құралады. Мемлекеттiк бюджеттегi мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар, кеңшарлар және, меншiк нысандарына қарамастан, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тiкелей өндiретiн басқа да ауыл шаруашылық кәсiпорындары, сондай-ақ мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамдарының кәсiпорындары Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қорына жарна төлеуден босатылсын.
Қоныс аудару шаралары жөнiндегi шығындарды қаржыландыру Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң мемлекеттiк қоры қаржысының есебiнен жүзеге асырылады.
Жұмыс орындарын құру және бар жұмыс орындарын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Жұмыспен қамту қоры қаражатының 15 процентi тұрғын үй саласын қаржыландыруға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Заңы 1994 жылғы 14 шiлде N 137-ХIII
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы