5-бап. Арнаулы әлеуметтік қызметтер Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы
1. Заңда белгіленген тәртіппен арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адам деп танылған жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
2. Арнаулы әлеуметтік қызметтер арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін және ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтерді қамтиды.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген және кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін қосымша көлемін көрсету аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттары, оларды көрсету тәртібі, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж адамның (отбасының) құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында айқындалады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы.
Осы Заң мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөніндегі қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы