5-бап. Астананың аумағы және қала маңы аймағы Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Заңы
1. Астананың аумағын жергілікті өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін және өзгертетін, астананың әкімшілік-аумақтық бірліктерінің шекарасындағы жер, су объектілері құрайды.
2. Қаламен біртұтас әлеуметтік, табиғи және шаруашылық аумақты құрайтын қала шегінен тыс жерлер астананың қала маңы аймағын құрайды, оның көлемі мен шекарасын астананың мәслихаты мен әкімдігінің және аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді және өзгертеді.
Қала маңы аймағын қосылған жерлерді пайдаланудың тәртібі мен режимін астананың мәслихаты мен әкімдігінің аумағы қала маңы аймағына қосылған облыс мәслихатымен және әкімдігімен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VIІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296 Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы