5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жататын тұлғалар Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы Заңы
1. Аудиторлық қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия алған аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандырылуға жатады.
2. Аудиторлық ұйымның кәсiби қызметтi жүзеге асыруға байланысты өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiне ерiктi сақтандыру шартын жасасуы оны аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттен босатпайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.05.05 № 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 маусымдағы N 440 Заңы.
Осы Заң аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруға байланысты
туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, экономикалық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы