5-бап. Азаматтық-құқықтық жауапкершілігі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Заңы
1. Жолаушыларды және олардың мүлкін темір жол, теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль көлігімен және қалалық рельстік көлікпен тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандырылуға жатады.
2. Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жолаушыларды және олардың мүлкін тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша сақтандырылуға жатады.
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің ерікті сақтандыру шартын жасасуы тасымалдаушыны тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі N 444 Заңы.
Осы Заң тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру саласындағы туындайтын қатынастарды реттейді және оны жүргізудің құқықтық, қаржылық және ұйымдық негіздерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы