5-бап. Даму Банкінің өкілеттіктері Қазақстанның Даму Банкі туралы Заңы
Даму Банкі:
1) Меморандумға сәйкес өзінің кредит саясатын анықтауға;
2) банк сараптамасының және қарыз алушының кредит қабілеттілігін талдаудың нәтижелері бойынша жобаны қайтарымдылық негізде қаржыландырудың орындылығын айқындауға;
3) банк сараптамасын жүзеге асыру үшін сарапшылар мен консультанттар тартуға;
4) Меморандумда белгіленген шекте заем қаражатын, оның iшiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттерден заем қаражатын тартуға;
4-1) заем қаражатын қоса алғанда, қаржы құралдарының iшкi және сыртқы рыноктарында Меморандумда белгiленген шектерде және тәртiппен бос қаражатты орналастыруға;
5) жобаларды іріктеуді және Меморандумда белгіленген шектеулерді ескере отырып, қоса қаржыландыруды бірге алғанда, оларға кредит беруді жүзеге асыруға;
6) жиынтық көлемі Меморандумда белгіленетін өз кепілдіктерін беруге;
7) отандық және шетелдік банктердің және басқа да қаржы институттарының қатысуымен қарыз алудың ұйымдастырушысы және қатысушысы болуға;
8) ұлттық басқарушы холдингтің тобына кіретін заңды тұлғалардың оларды қаржыландыру жөніндегі агенті болуға;
9) қайта құрылымдауды жүзеге асыруға;
10) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.06.11 № 434, 2009.02.13 № 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 178 Заңы.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы