⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

5-бап. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңы 

       Ескерту. 5-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

       1. Акционерлiк инвестициялық қордың атауында "акционерлiк инвестициялық қор" деген сөздер болуға тиiс.  

       1-1. Жылжымайтын мүлiк қоры болып әрекет ететiн акционерлiк инвестициялық қордың атауында "жылжымайтын мүлiк қоры" деген сөздер болуға тиiс.  

       2. Тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қордың атауында осы қордың тәуекелмен инвестициялау қоры болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.  

       3. Инвестициялық пай қорының атауында "инвестициялық пай қоры" деген сөздердiң болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетiлуге тиiс.  

       3-1. Ислам инвестициялық қорының атауында осы қордың ислам қоры болып табылатыны көрсетілуге тиіс.  

      3-2. Венчурлік қордың атауында "венчурлік қор" деген сөздер қамтылуға тиіс. 

      4. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атауларында "ұлттық", "орталық", "үкіметтік", "кепілдік берілген" немесе "сақтандырылған" деген сөздерді кез келген тілде көрсетілген немесе өзгертілген түрде пайдалануға тыйым салынады. Инвестициялық және венчурлік қорлардың атаулары инвестициялардан түсетін кірістің сақтандырылуын немесе оған кепілдік берілуін бекітпеуге немесе ұғындырмауға тиіс. 

      5. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында (бұдан әрі - Корпорация) акционерлiк инвестициялық қор ретiнде тiркелмеген және уәкiлеттi органда инвестициялық қордың акциялар шығарылымын тiркемеген, сондай-ақ басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған заңды тұлға өзiн инвестициялық қор деп атауға, инвестициялық қор ретiнде қызметтi жүзеге асыруға және өз атауларында кез келген тiркесте "инвестициялық қор" деген сөздердi пайдалануға құқылы емес. 

      Егер акционерлік инвестициялық қор мен оның басқарушы компаниясы арасында жасалған сенімгерлік басқару шарты тоқтатылған, бұзылған немесе оның қолданылу мерзімі өткен күннен бастап екі ай ішінде акционерлік инвестициялық қор жаңа басқарушы компаниямен сенімгерлік басқару шартын жасаспаған жағдайда, акционерлік инвестициялық қор атауының өзгеруіне байланысты Корпорацияда қайта тіркелуге тиіс. 

       Акционерлік инвестициялық қордың осы Заңда белгіленген мерзімде Корпорацияда қайта тіркеуді жүзеге асырмауы мүдделі тараптардың кез келгенінің талап қоюы бойынша, осы Заңның 15-бабында белгіленген тәртіппен оны мәжбүрлеп тарату үшін негіз болып табылады. 

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 , 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.  

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 576 Заңы. 

      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы акционерлік инвестициялық қордың құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет ету, қайта ұйымдастырылу және таратылу ерекшелiктерiн, инвестициялық пай қорының құрылу, жұмыс iстеу және жұмыс iстеуiн тоқтату шарттары мен тәртібін, венчурлік қорлардың құқықтық жағдайы мен қызмет ету ерекшеліктерін айқындайды, бағалы қағаздар нарығына кәсiпқой қатысушылардың инвестициялық қорлардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметiне байланысты қатынастарды реттейдi, сондай-ақ инвестициялық қорларды мемлекеттік реттеу тәртібін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы