⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 5-бап. Масс-медианың таралу тілі Масс-медиа туралы Заңы

5-бап. Масс-медианың таралу тілі Масс-медиа туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

5-бап. Масс-медианың таралу тілі Масс-медиа туралы Заңы 

       1. Мемлекеттік тіл және басқа да тілдер масс-медианың таралу тілі болып табылады.  

      2. Мемлекет Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасына сәйкес масс-медианы алу және оны тарату кезiнде әркiмнің ана тiлiн пайдалану құқығын қамтамасыз етедi. 

      3. Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тілде хабар тарататын отандық теле-, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемі уақыты жағынан: 

      1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға; 

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс. 

      Мемлекеттік тілдегі теле-, радио бағдарламалардың жергілікті уақыт бойынша нөл сағаттан бастап есептелетін, әрқайсысының ұзақтығы алты сағаттық уақыт аралығындағы көлемі: 

      1) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің елу бес пайызынан кем болмауға; 

      2) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің алпыс пайызынан кем болмауға тиіс. 

      Осы тармақтың талабы халықаралық келісімдер негізінде хабар тарататын телеарналарға қолданылмайды. 

      4. Дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуін пайдаланатын телеарналар негізгі дыбыстық сүйемелдеуді мемлекеттік тілде пайдалануға тиіс. 

      5. Осы баптың талаптары осы Заңның 24-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарға қолданылмайды. 

      6. Отандық теле-, радиоарналардың шетелдік аудиторияға трансляциясы мемлекеттік тілде және басқа да тілдерде жүзеге асырылады. 

 

      Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы